+1.3° ясно ощущ. -1.7° 0.3 м/с 58%
Воздух 31 Удовл. PM2.5 7.2

Oskemen.info

Сейчас в городе

26.09.2026 19:10
Туман и заморозки: предупреждение по ВКО на 27 сентября
26.09.2026 17:40
В Усть-Каменогорске жалуются на крыс у контейнеров
26.09.2026 12:30
В Усть-Каменогорске прошли Дни Зайсанского района
25.09.2026 21:00
Мощи святителя Спиридона покинули Усть-Каменогорск
24.09.2026 09:30
Встреча с писательницей Йаной Бориз в областной библиотеке им. Пушкина
23.09.2026 06:59
Безопасность в сентябре: «Внимание, дети!» и акция «Код безопасности: 102–111–150»
22.09.2026 14:30
Воздух в Усть-Каменогорске: превышения по SO₂ и H₂S, посты Казгидромета
22.09.2026 12:00
Горячая вода в УК: переврезка теплосетей на развязке Сатпаева — Жибек Жолы
20.09.2026 11:00
ВКО ищет инвесторов для мусороперерабатывающего завода в Усть-Каменогорске
05.11.2025 09:24
На службу в свой регион отправлены 35 новобранцев
17.10.2025 11:41
Завод закрывается: как бизнесу в ВКО провести ликвидацию по закону и не оставить после себя пустыню
10.10.2025 08:35
Планируете новое строительство или реконструкцию в ВКО? Что такое ОВОС и почему без него не обойтись
09.10.2025 08:23
Без этого документа ваш завод могут остановить: что такое Разрешение на экологическое воздействие
26.02.2025 08:46
Семейские разведчики успешно справились с поставленной задачей
21.10.2024 10:55
В Семее прошел ритуал вручения Боевого знамени бригаде территориальной обороны
13.09.2024 12:08
Усть-Каменогорск: Путь к обновлению и важные перемены
Все городские новости

Основному закону страны скоро исполнится 15 лет.

Новости / Усть-Каменогорск
11 378

Конституция Республики Казахстан была принята на общенациональном референдуме 30 августа 1995 года. Потом главный документ республики в связи с необходимостью изменялся и дополнялся, способствуя положительным изменениям в стране. Благодаря четкой его выстроеннности, человеку обеспечиваются все необходимые для жизни гарантии.
С самого начала Конституция отражает волю народа Казахстана, его стремление к утверждению страны в качестве демократического, светского, правового и социального государства, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы. Это нашло отражение в первой ее статье. По словам Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева, Конституция Казахстана – есть основание свободы. В соответствии с поправками, внесенными в Основной закон 18 мая 2007 года на совместном заседании палат парламента, по форме государственного устройства Казахстан является унитарным государством с президентско-парламентской формой правления. День Конституции, который ежегодно отмечается 30 августа, – один из главных государственных праздников. Осознание ее значимости растет с каждым годом. Поэтому он обещает стать в будущем основным в Казахстане. 

Конституцияға 15 жыл толады
2010 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 15 жыл толады.
Конституция күні барша қазақстандықтар үшін ерекше, айтулы мереке. Еліміздің Атазаңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды.
Ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған Қазақстан халқының бұл Конституциясы, алдыңғыларына қарағанда, адамзат дамуының ғаламдық үрдісіне сай қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарды толығырақ бекітуімен ерекшеленеді. Конституция жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Республиканың ең қымбат қазынасы ретінде танып, мемлекеттен олардың орындалуына жағдайлар жасауын талап етеді.
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді.
Күн сайын Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ролі артуда. Халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейтін мемлекетіміз, өз заңнамасын қалыптастыруда халықаралық шарттарды ескеріп, әлемдік стандарттарға жақындауда. Конституцияның 8-бабында белгіленген мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізу, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту принциптері Қазақстанның шет мемлекеттермен қарым-қатынастарында мызғымас бағдарлар болып табылады.
Республиканың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның ролі зор. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар, терроризм мен діни экстремизмнің қанды салдары өршіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық орын алуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.
Әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көкке көтеру үшін Конституцияны құрметтегені жөн. Халықтың еркі көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Қазақстанның жүріп өткен тарихында сан түрлі айтулы оқиғалар болды. Соның бірі де бірегейі өзінің Конституциясының қабылдануы.
Қазақстанның ішінде бейбітшілік орнаған, сан түрлі ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп жатқан, басқа көршілес мемлекеттермен терезесі тең, өзіндік ұстанған ерекше салиқалы саясаты бар республика ретінде дамуының бірден-бір кепілі Конституция.

Ендеше еліміздің елдігін асқақтатар бірден-бір мереке Конституция күні екні анық. Еліміздің еңсесі биік, тұғыры берік болғай ағайын! 

Газета «Өскемен»