-3.1° пасмурно ощущ. -7.4° 3.2 м/с 92%
Воздух 19 Хорошо PM2.5 1.7

Oskemen.info

Сейчас в городе

26.09.2026 19:10
Туман и заморозки: предупреждение по ВКО на 27 сентября
26.09.2026 17:40
В Усть-Каменогорске жалуются на крыс у контейнеров
26.09.2026 12:30
В Усть-Каменогорске прошли Дни Зайсанского района
25.09.2026 21:00
Мощи святителя Спиридона покинули Усть-Каменогорск
24.09.2026 09:30
Встреча с писательницей Йаной Бориз в областной библиотеке им. Пушкина
23.09.2026 06:59
Безопасность в сентябре: «Внимание, дети!» и акция «Код безопасности: 102–111–150»
22.09.2026 14:30
Воздух в Усть-Каменогорске: превышения по SO₂ и H₂S, посты Казгидромета
22.09.2026 12:00
Горячая вода в УК: переврезка теплосетей на развязке Сатпаева — Жибек Жолы
20.09.2026 11:00
ВКО ищет инвесторов для мусороперерабатывающего завода в Усть-Каменогорске
05.11.2025 09:24
На службу в свой регион отправлены 35 новобранцев
17.10.2025 11:41
Завод закрывается: как бизнесу в ВКО провести ликвидацию по закону и не оставить после себя пустыню
10.10.2025 08:35
Планируете новое строительство или реконструкцию в ВКО? Что такое ОВОС и почему без него не обойтись
09.10.2025 08:23
Без этого документа ваш завод могут остановить: что такое Разрешение на экологическое воздействие
26.02.2025 08:46
Семейские разведчики успешно справились с поставленной задачей
21.10.2024 10:55
В Семее прошел ритуал вручения Боевого знамени бригаде территориальной обороны
13.09.2024 12:08
Усть-Каменогорск: Путь к обновлению и важные перемены
Все городские новости

15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні

Новости / Казахстанские новости
5

Теңгенің тарихы 1993 жылғы 3 қарашадан бастау алады – осы күні ұлттық валютаны айналымға енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. 1993 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды, ал 15 қарашадан бастап теңге еліміздегі жаңа төлем бірлігіне айналды.

««Теңге» – тарихи атау. Орта ғасырда түркілердің күміс монеталары «денге» немесе «таньга» деп аталған. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынған еді.

Алғашқы банкноталар Англияда басылып шықты, кейіннен және бүгінгі күнге дейін Ұлттық валюта банкноттары Қазақстанда Алматыдағы Банкнот фабрикасында, ал монеталар Өскемендегі Қазақстан монета сарайында шығарылады

2000 жылдан бастап Қазақстан теңге сарайы мен Ұлттық Банк жыл сайын халықаралық конкурстарға қатысып, әр түрлі номинациялар бойынша 20-дан астам марапаттарға ие болды. 

Қазақстанның коллекциялық монеталары «Монетное созвездие» (Coin Constellation), «Жыл монетасы» (Coin of the Year), IACA Excellence in Currency Awards, Vicenza Numismatica және басқа да халықаралық нумизматикалық қауымдастықтардың марапатын алды.   

Ұлттық валюта банкноталары да бірнеше рет халықаралық байқауларда жүлдегер атанды. 2007 жылы 10 000 теңгелік (2006 жылғы үлгі) қазақстандық банкнота IACA (Халықаралық валюта мәселелері қауымдастығы) байқауында «Ең үздік жаңа банкнота» номинациясында бірінші орын иеленді. 

2012 жылы Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 10 000 теңгелік естелік банкнота Халықаралық банкноттар қауымдастығының (IBNS) байқауында «2011 жылғы ең үздік банкнота» деп танылды. 

2013 жылы IBNS байқауында 5 000 теңгелік қазақстандық банкнота «2012 жылғы ең үздік банкноты» атанды. 

2014 жылы «Күлтегін» түркі жазбасы ескерткішіне арналған 1 000 теңгелік естелік банкнота IBNS шешімі бойынша «2013 жылдың ең үздік банкноты» атанды. 

2015 жылғы 1 желтоқсанда айналымға шыққан 20 000 теңгелік банкнота  2016 жылы High Security Printing Europe конференциясында (Бухарест, Румыния) 2015 жылғы ең үздік аймақтық банкнота деп танылды.

2016 жылы 20 000 теңгелік банкнота Currency Conference конференциясында (Вашингтон, АҚШ) «Валюта индустриясындағы ең үздік техникалық жетістіктері үшін» (IACA Excellence in Currency Awards) номинациясы бойынша үш финалистің қатарына кірді. 

Номиналы 5000 теңге болатын «Сақ стилі» жаңа сериясының бірінші банкнотасын 2023 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарды. Банкнота дизайнын өзгерту – әлемде кеңінен тараған тәжірибе. «Сақ стилі» жаңа ақша сериясын айналымға енгізудегі негізгі мақсат – ұлттық валютаның қорғаныс деңгейін арттыру, оны пайдалануға ыңғайлы ету, сондай-ақ Қазақстанның мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау.

Серияны әзірлеген кезде отандық және шетелдік ғалымдардың, археологтардың, антропологтардың, этнографтардың, суретшілер мен реставраторлардың көптеген еңбегі мен материалы зерттеліп, қолданылды. Банкноттардың жаңа сериясы ежелгі көшпенділердің дүниетанымының өзіндік ерекшелігін, олардың табиғат пен жануарлар әлемімен байланысын бейнелеп қана қоймай, «Сақ стилінің» бірегейлігін баса көрсетіп қана қоймай, ұлттық мәдениет пен тарихты зерттеуге деген қызығушылықты оятуға арналған.

Ұлттық Банктің Шығыс Қазақстан филиалы өңірдің барлық тұрғындары мен қаржы секторының қызметкерлерін ұлттық валюта – Теңге күнімен құттықтайды.