Усть-Каменогорск °C

Последние публикации

10:21
Молодое пополнение абайского гарнизона адаптируется к службе
10:13
Как инвестировать в недвижимость
10:08
Почему важно знать сколько длится игра в хоккей?
09:53
Уланы алаша отправились в армию
10:34
15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні
10:33
15 ноября - День национальной валюты Республики Казахстан
11:41
Как прошёл футбольный матч «Астана» – «Актобе»
10:55
В Семее прошел ритуал вручения Боевого знамени бригаде территориальной обороны
10:51
Разработка планов разведки ТПИ в Казахстане: всё, что вам нужно знать
13:00
Как оптимизировать цепочку поставок в современном бизнесе
16:13
Программное обеспечение для геологов Leapfrog: инновации в геологическом моделировании
14:11
Семейские военнослужащие поздравили учителей
14:08
Информация по брокерам
12:17
Подготовка к холодам: как эффективно стирать пуховик – лайфхаки для каждого
16:41
Как выбрать стабилизатор напряжения для дома
14:41
Суши дома: как наслаждаться ресторанными блюдами на домашнем столе
11:27
MX Deposit: Управление геологическими данными для эффективной оценки месторождений
09:26
Кожаный диван – показатель статусности и респектабельности
09:09
Imago программа: Революция в обработке геологических изображений
14:22
Leapfrog Edge: Мощное ПО для геологов от официального реселлера ТОО "GREEN SOLUTIONS ASSOCIATES"
12:14
Leapfrog Works: Программное обеспечение для геологов, меняющее правила игры
12:08
Усть-Каменогорск: Путь к обновлению и важные перемены
11:40
В Семее отметили День создания местных органов военного управления
16:27
Обучение от ТОО "GREEN SOLUTIONS ASSOCIATES" — Развитие профессиональных навыков в геологии с MetaGeology
16:18
ТОО "GREEN SOLUTIONS ASSOCIATES": Лидер в продаже геологического софта Leapfrog Geo
10:31
В Абайском гарнизоне прошла неделя семьи
17:24
Будущее геологоразведки в Казахстане: как современные программные решения меняют отрасль
15:52
Региональное командование «Восток» поддержало ежегодную республиканскую акцию «Дорога в школу»
Больше новостей

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға банктік қызмет көрсетудің қашықтан қол жеткізу арналарын пайдалануға кеңес береді

Усть-Каменогорск / Новости ВКО
21 102
0
Қазіргі уақытта ол үшін барлық қажетті инфрақұрылым бар: банктерде сайттар, мобильдік қосымшалар, колл-орталықтар жұмыс істейді. Көптеген банктер дербес менеджер қызметін ұсынуда, ол менеджермен телефон немесе мессенджерлер арқылы байланыс орнатуға болады. 

Шот ашу және карта алу өзекті мәселе болған. Оны да қашықтан қызмет алу арқылы шешуге болады. 

Бүгінгі төтенше жағдай кезінде төлем карточкасына банктердің бөлімшелеріне бармай-ақ жылдам әрі тегін тапсырыс беруге болады. Қазіргі уақытта банк карточкаларына қашықтан тапсырыс беру және жеткізу бойынша қызметті бірнеше банк ұсынып отыр. Ол үшін белгілі бір банктің клиенті болу шарт емес. Тіркелген және карточкалық шот ашқан сәтте бастап Сіз клиент боласыз. 

Карточка алу үшін осындай қызметті ұсынып отырған он банктің біреуін таңдаңыз. Олар Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк, Forte Bank және АТФБанк, Альфа-Банк және Kaspi Bank. 

Төменде осы банктерде тіркеліп, карточка ашу жөніндегі нұсқаулықтарға сілтемелер берілген. Сілтемелер бойынша жүріп, әр банктің талабымен танысуға кеңес береміз. Сонымен бірге картаға мобильдік қосымша арқылы тапсырыс берген өте ыңғайлы. Банкті таңдайсыз, оның мобильдік қосымшасын жүктеп аласыз, одан әрі нұсқаулық бойынша әрекет етесіз. 

Ең маңыздысы – карточканы банктер 1-2 күннің ішінде дайындайды. Алайда бұл банктердің бәрі Қазақстанның барлық өңірінде орналаспаған. 

1) Halyk Bank карталарды қашықтан жасап, жеткізу қызметін ұсынады. Банктің жаңа клиенттері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жеткізуді сайт арқылы тапсыра алады. Банктің клиенті болып табылатындар немесе бұрын клиенті болғандар (яғни деректері банктің базасында барлар) оны мобильдік қосымша арқылы істей алады. Олар үшін бұл қызмет бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді. Байланыс деректеріңізді енгізгеннен кейін банктің менеджері мәселені және жеткізу мекенжайын нақтылау үшін сізбен хабарласады. 
https://halykbank.kz/bonuscard 

2) Jysan Bank те осындай қызметті ұсынады. Алгоритм өте қарапайым. Мобильдік қосымшаны жүктеу, белгілі бір картаны таңдау және тапсырысты беру және алу тәсілінде «жеткізуді» таңдап, жеткізу мекенжайын көрсету жеткілікті. 


Қызмет әзірге Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қолжетімді, бірақ көп ұзамай басқа қалаларда да іске қосылады. 
https://jysanbank.kz/ru/news/dostavka-platezhnykh-kart-jysan-bank 

3) Eurasian Bank. Өтінімді сайтта немесе мобильдік қосымшада ресімдеуге болады. Байланыс деректерін енгізгеннен кейін, Сізбен қызметті нақтылау және жеткізу мекенжайын анықтау үшін менеджер хабарласады. Қызмет Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қолжетімді және жақын арада оған басқа қалаларда да қол жеткізуге болады. 
https://eubank.kz/cards/ 

4) Altyn Bank – банктің Altyn-i мобильдік қосымшасы арқылы қарапайым тіркеу рәсімінен кейін Samsung Pay және Apple Pay сервистеріне қосылуға және смартфонның көмегімен төлем жасауға болатын виртуалды картаны ашуға болады. Әлеуметтік жәрдемақыны да осы картаға алуға болады, өйткені банк шоты тіркеуден кейін бірден тегін ашылады. Жуық арада банк пластикалық карталарды Қазақстанның барлық өңірлерінде нақты жеткізе бастайды. 
https://altyn-i.kz/app.html 

5) Банк Хоум Кредит – картаға сайтта тапсырыс беруге болады, содан кейін банк маманы деректерді және жеткізу мекенжайын нақтылау үшін сізбен хабарласады. Қазіргі уақытта картаны жеткізуге мына қалаларда мүмкіндік бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Семей, Жезқазған, Қостанай, Өскемен, Орал және Петропавл. 
https://homecredit.kz/landing/homecard/ 

6) Сбербанк. Картаға сайтта да, мобильдік қосымшада да тапсырыс беруге болады. Өтінім ресімделгеннен кейін барлық деректерді нақтылау үшін сізге менеджер хабарласады. Курьер жеткізген сәтте сізді және сіздің құжатыңызды суретке түсіреді және бұл деректерді жеке басын растау үшін банкке береді. Алайда сіздің деректеріңіз үшінші тұлғалардың қолына түспейтіндігіне банк кепілдік береді. Қызмет Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында қолжетімді. 
https://www.sberbank.kz/ru/debit_cards 

7) Forte Bank. Карта ашуға өтінімді сайтта немесе мобильдік қосымшада қалдыруға болады. Байланыс деректері толтырылғаннан кейін сізге банктен маман хабарласады. Картаны сізге курьерлік қызмет жеткізетін болады. Картаны алған кезде өзіңіздің жеке басыңызды растауыңыз және шартқа қол қоюыңыз қажет болады. 
https://bank.forte.kz/cards/qcards-form?card=classic&_ga=2.61381100.1757062620.1586317961-117250584.1585199309 

8) АТФБанк. Картаға сайтта, сондай-ақ АТФ24 мобильдік қосымшасында тапсырыс беруге болады. Сауалнаманы толтырғаннан кейін Сізбен менеджер хабарласады, ол барлық мән-жайды, оның ішінде жеткізу мекенжайын нақтылайды. Сайт арқылы өтініш берген клиентті идентификаттау жеткізу кезінде жүргізіледі. Картаны алғаш рет банкоматта қолданғаннан кейін қолдана беруге болады. Алматы қаласы бойынша жеткізу мерзімі 2 күнге жуық, Қазақстан бойынша 10 күнге дейін. 
https://www.atfbank.kz/phys/cards 

9) Альфа-Банк. Сайтта және мобильдік қосымшада «карталар» бөлімінде «Cashback-пен үздік картаны» таңдау және өтінім толтыру қажет, онда ЖСН, телефон нөміріңізді және тұратын қалаңызды көрсетесіз. Сізге мән-жайды нақтылау және тапсырысты растау үшін банктен менеджер хабарласады. Сізге 2 күннен бастап 10 күннің ішінде картаңызды жеткізіп береді. Курьер қол қоюға өтініш, қолхат және өткізу актісін береді, есеп беру үшін суретке түсіріп алады. 
https://alfabank.kz/persons/payment-cards/gold 

10) Kaspi Bank. Картаны да, шотты да мобильдік қосымшада ашуға болады. «Kaspi Gold шотын бөлімшеге келмей ашу» деген бөлімді ашасыз, телефон нөміріңізді және ЖСН енгізесіз, смс-код көмегімен өтініміңізді растайсыз, суретке түсесіз, батырманы басу арқылы өтінішіңізге қол қоясыз. Kaspi Gold шоты бірден қолжетімді болады. Оны жәрдемақы алу үшін тиісті органдарға беруге болады, ал оны мобильдік қосымшаның көмегімен басқара, яғни төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыра аласыз. Пластик картаны Сіз карантин режимі алынғаннан кейін алуыңызға болады. 
https://apps.apple.com/app/id1195076505 
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.kaspi.mobile 

Жалпы банк карталарын және басқа да банк өнімдерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажет: өз картаңыздың деректерін: PIN-код, CVV/CVV2-код, сондай-ақ өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз. 

Онлайн-сатып алуларды тексерілген интернет-дүкендерде ғана жүргізіңіз. Қосымша қауіпсіздік үшін екі факторлы идентификаттау орнатыңыз және қаржыны есептен шығаруды SMS немесе интернет банкинг арқылы бақылап отырыңыз. 

Карточкалық өнімдерді пайдалану талаптары жөнінде толығырақ қаржы ұйымдарының менеджерлерінен нақтылаңыз.



Добавить комментарий

В комментариях строго запрещаются выражения, содержащие ненормативную лексику, унижающие человеческое достоинство, разжигающие межнациональную рознь, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, а также высказывания, не относящиеся к теме обсуждения, содержащие прямую или косвенную рекламу.

Подробнее о правилах поведения на сайте можно узнать здесь.


Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: