«Шымкент – ТМД елдер мәдени астанасы 2020» атты отандық БАҚ өкілдеріне және туристік операторларға арналған ақпараттық тур

Шымкент қаласы туризм басқармасы 2020 жылдың 29-30 қыркүйегінде Шымкент қаласында отандық БАҚ өкілдері мен туристік операторларға арналған мәдени-ақпараттық тур өткізеді.

 Іс шараның мақсаты – Шымкент қаласының туристік әлеуетін ілгерілету, кіру және ішкі туризмінің ағынын ұлғайту, Шымкент қаласының көрікті орындары туралы ақпаратты отандық БАҚ-да жариялау. 

Жалпы ақпараттық турға 30-дан аса туристік нарық өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысады. Атап айтқанда, «Сары-Арқа Қазақстан» телеканалы,   "Менің өлкем" газеті, Tengri Trevel, Новое ТВ және басқалар.  Сонымен қатар, Орталық және Шығыс Қазақстан туроператорлары қатысады.

Ақпараттық тур барысында Шымкент қаласының тарихи-мәдени орындары мен көрікті насандарын аралайды. Жергілікті БАҚ қызметкерлеріне арналған пресс-конференция 30-күні «Park Hotel Orleu» қонақ үйінде өткізіледі.  
 
Толық ақпарат сайтта қол жетімді: visit-shymkent.kz
 
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз:
Телефон: 87252 247445, 8 7252 247449
Почта: shymkenttourist@gmail.com
Инстаграм - @visitshymkent 
Facebook - visit shymkent