Усть-Каменогорск °C

Последние публикации

15:28
Имплантация зубов: Инновационные и безболезненные методы и технологии доступные в Астане
07:55
Микрозаймы в Казахстане
14:44
В ВКО в рамках проекта «Бизнеске жол» защищены права 385 предпринимателей
12:47
Одноразовые и многоразовые подгузники: что выбрать для малыша?
10:19
В АБАЙСКОМ ГАРНИЗОНЕ ПРОШЕЛ ОТБОРОЧНЫЙ ЧЕМПИОНАТ
10:22
Как выбрать смартфон в 2024 году
11:10
IP-ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЕ: НАДЕЖНАЯ ЗАЩИТА И КОНТРОЛЬ
15:47
Спортивное питание для женщин: особенности и рекомендации
09:06
Asia Inside отзывы: выводит брокер деньги или нет?
09:18
Holzer Group отзывы: стоит ли обращаться?
14:25
Мошенники!!!
11:12
АРТИЛЛЕРИЯ – БОГ ВОЙНЫ
15:34
Разновидности гидравлических прессов и их преимущества на производстве
13:55
Жанибеку Алимханулы расчистят дорогу до титула абсолютного чемпиона в среднем весе
12:43
Что ожидать от полета в эконом-классе из Ташкента в Астану: стоит ли экономить
10:11
ЗАЩИТА РОДИНЫ НАЧИНАЕТСЯ С СЕМЬИ
15:08
Отличительные особенности и преимущества подгузников Huggies
10:54
Total Group отзывы: лучший брокер для начинающих
11:41
НАГРАЖДЕНЫ ЛУЧШИЕ
08:35
Кольцо для помолвки: как правильно подобрать
15:50
Самые интересные профессии в менеджменте
11:53
На форуме “Экосообщество’2023” сформулировали тренды развития НКО в новых реалиях
09:33
Трудности выбора: подгузники или впитывающие трусики
16:55
Закон един для всех
09:59
Агроволокно: особенности и преимущества материала
15:41
Ендова для кровли: назначение, особенности, установка
09:58
ВОЕННОСЛУЖАЩИЕ ПОВЫСИЛИ МАСТЕРСТВО
09:50
Main Capitals отзывы: главное преимущество брокера
Больше новостей

Глава государства посетил Центральный концертный зал «Казахстан», где состоялся праздничный концерт, посвященный Наурыз мейрамы

Новости / Казахстанские новости
11 755
1

Перед началом концерта к присутствующим и в их лице ко всем казахстанцам, обратился Президент Республики Казахстан. Он отметил, что Наурыз издревле почитался народом как начало нового года и светлый день созидания. Поэтому в марте 1991 года Указом Главы государства Наурыз мейрамы был объявлен официальным праздником Казахстана. Наурыз мейрамы включен в список человеческого наследия ЮНЕСКО, а в текущем году ООН признало его «народным праздником».
Н.Назарбаев отметил, что, встречая этот праздник, мы обращаемся к высоким нравственным идеалам нашего общества. В этот день принято прощать старые обиды, дарить окружающим радость и доброту. Чем радушнее встретят люди Наурыз, тем щедрее будет к ним природа.
- В нынешнем году мы впервые отмечаем Наурыз по-новому. Выходными объявлены три мартовских дня. Для всех нас это Великий Праздник дружбы, единства, добра и беззаветной любви к родному Отечеству, - сказал Глава государства.
Президент особо отметил, что в истории нашей страны начался новый этап. Казахстану предстоит осуществить мощный прорыв в экономическом развитии страны.
- Сегодня мы ставим новые задачи. И они нам по плечу. Поскольку мы из года в год преумножаем наше главное достояние — мир, межнациональное и межконфессиональное согласие, - подчеркнул Н.Назарбаев.
Глава государства поздравил всех казахстанцев с праздником, пожелал всем радости, счастья и оправдания добрых надежд.
Затем состоялся праздничный концерт «Наурыз нуры» («Свет Наурыза») с участием мастеров искусств Казахстана.

Құрметті қазақстандықтар!
Ардақты ағайын!
Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз ежелден жыл басына санаған, Ұлыстың ұлы күніне балаған Наурыз мейрамы – шын мәнінде елдік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың мерекесі. 
Шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағаты Наурызбен бірге тіршілікке шаттық сыйлайды. Қыстың қаһары қайтып, жер-жаһан қайта түлейді. Дүние жаңарып, құлпырады. Бүгінгі мерекелік кештің «Наурыз нұры» деп аталуы сондықтан. 
Табиғат заңдылығымен жыл басы болып, жақсылықтың жаршысына айналған Наурыз мейрамы адамзат тарихымен бірге жасап келеді. Сондықтан Наурыз – адамды ұлты мен нәсіліне, тілі мен дініне бөлмейтін жалпыхалықтық ізгі мереке.
Біздің ұлттық құндылықтарымыз, рухани мұраларымыз әз-Наурызбен біте қайнасқан. Тарихтың талай бұралаң жолдарынан өткен тағдырлы халқымыз қандай кезеңде болмасын Наурызды жадысынан шығарған емес. Ақ пейіл жұртымыз қашанда Ұлыстың Ұлы күнін ақ дастархан жайып, ақ тілекпен қарсы алған. Елдің тыныштығын, халықтың ынтымағын тілеген. Бұл күні бұлақ көзін ашып, шыбық қадап, көршісіне көмек беріп, сауапты ізгі істермен айналысқан. Біз ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз жалғасып келе жатқан осындай игі дәстүрлерді өрістетіп, оның мазмұнын байыта түсуіміз керек. 
Наурыз ықылым заманнан бері ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тазалықтың, бірлік пен кісіліктің мейрамы болып есептеледі. Табиғат иіген, көк тас жібіген Наурызда мейірім шаттыққа ұласып, бай мен жарлы теңеледі, барша жұрт ырыздыққа кенеледі. Ұлыстың ұлы күні ағайынның құшағы айқара қабысып, ренішті жандар қайта табысады. 
Сондықтан, түсіністікті ту етіп, елді бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесінің татулығы жарасқан еліміз үшін маңызы ерекше. 
Бұл орайда, біздің мемлекеттік саясатымыз әз-Наурыздың ізгілігімен өзара ұштасады. 
Еліміз егемендік алмай тұрып, 1991 жылы 15 наурызда Менің арнайы Жарлығыммен Наурыз мейрамы ресми мереке болып жарияланғаны естеріңізде болар. Сонда «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп тіледік, жаңа жылға үміт артып, болашақтан жақсылық күттік. Тілегіміз қабыл болып, біз сол жылы ата -бабамыз ғасырлар бойы армандаған азаттыққа, киелі тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Міне, келесі жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлайық деп отырмыз. Тарлан тарих үшін тым қысқа болып есептелетін осы жылдар аралығында Наурыз шын мәнінде Ұлыстың ұлы күніне, мемлекетіміздің мерейлі мерекесіне айналды. 
Былтыр менің Жарлығыммен 21 – 23 наурыз күндері ресми түрде демалыс күндері деп жарияланғанын білесіздер. 
Біздің жаңа жылымыз осы мерекеден басталса дұрыс болар еді деп ойлаймын.
Сондықтан биыл біз табиғи жаңа жылымызды кең ауқымда, бүкілхалықтың деңгейде, көтеріңкі көңіл-күймен, ерекше салтанат пен жаңа мазмұнда тойлағалы отырмыз. 
Қазақстанда бұдан өзге бірде-бір мереке ресми түрде үш күнге созылмайды. Бұл да біздің мәдени мұрамызды ұлықтап, ұлттық құндылығымызды ерекше қадірлеуіміздің жарқын бір айғағы. 
Біз Наурызды бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, ұлысты ұйыстыратын ұлы мереке деп жариялаған жылы ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзат баласының мәдени мұрасы санатына қосты. Биыл Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан Наурыз мерекесі «халықаралық мейрам» ретінде қабылданды. 
Халқымыздың көнеден жеткен жыл қайыру дәстүрі бойынша биыл – барыс жылы. 
Асқар таудың қияндағы қарлы шыңдарын мекендейтін барысты халқымыз бағзыдан кие тұтып, айрықша бағалайды. 
Біз осы барыс жылына биік белестерді бағындырып, ерекше жағдайда қадам басып отырмыз.
Баршаңыз білесіздер, «Қанатты барыс» бейнесі ел тәуелсіздігінің және «Қазақстан – 2030» Стратегиялық даму бағдарламасының символдарының бірі. Біз осы Барыс жылы мәртебесі биік Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Азия және ТМД мемлекеттері арасында тұңғыш рет төрағалық етудеміз. Мұндай биікке қазақ баласы бұрын-соңды ешуақытта қол жеткізген емес.
Алайда, біздің алар асуымыз, бағындырар биігіміз әлі алда. 
Еліміз дағдарыстан кейін тың серпіліс жасап, қарқынды дамудың жаңа белесіне көтерілді. 
Менің биылғы халыққа Жолдауымда алдағы онжылдықта ел азаматтарының өмір сапасы мен әлеуметтік деңгейін жақсартуға айрықша басымдық берілгенін білесіздер. Жолдауда еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының басты межелері айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық Стратегиялық бағдары бекітіліп, жаңа міндеттер белгіленді. 
Біздің бұларды абыроймен атқарып шығатынымызға мен кәміл сенемін. 
Алда бізді көптеген ауқымды шаралар күтіп тұр. Біз биыл күллі адамзат баласын дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. Осылайша, ерлікке тағзым етіп, тарихқа құрмет көрсетеміз. Сонымен қатар Қазақстан Конституциясының 15 жылдығын мерекелейміз. Тәуелсіздігіміздің берік діңгегіне айналған Ата Заңымызды ұлықтау арқылы біз егемен еліміздің еңсесін көтеріп, ұлысты ұйыстыра түсеміз. 
Дана халқымызда «Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқыңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деген ұлағатты сөз бар. Біздің басты байлығымыз – береке-бірлігі жарасқан халқымыз. Біз осы ынтымағымыз арқылы ортақ Отанымызды іргесінде ізгілік ұялап, төрінде татулық орныққан жерұйық-өлкеге айналдырдық.
Ел үшін жан аямаған батыр бабаларымыз бізге таусылмас дәулет, сарқылмас мұра қалдырды. Біз солардың ерлік жолын жас ұрпақтың санасына берік ұялатуымыз керек.
Жастарды қазақтың шыққан тегін, халықтың салт-дәстүрін, даңқты бабалардың өнегелі өмірін міндетті түрде білуге баулуымыз қажет. Ойы озық, рухы берік елді ешкім жеңе алмайды.
Біз тарих үшін қас-қағым уақытта іргесі берік мемлекет құрдық. Бүкіл әлемді таңқалдырған әсем елордамыз – Астана қаласын салдық. Қиын кезеңдерге қарамастан ұлтымыздың мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлдік. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қыруар шаруа атқарылғанын баршаңыз білесіздер.
Дәл осы жылдарда Алматыдағы опера және балет театры, академиялық қазақ және орыс драма театрлары, ұйғыр, корей ұлттық театрлары күрделі жөндеуден өткізілді. Облыстық деңгейдегі 11 театр ашылып, көптеген талантты жастар сахнаға шығуға мүмкіндік алды. 
Дүние жүзілік дағдарыс жағдайында, тек өткен жылы ғана елімізде 13 театр мен кинотеатр, 66 кітапхана, 28 музей, 46 мәдениет үйі қайта жаңғыртылды. Кеше ғана Шымкент қаласында облыстық филармонияның әсем ғимараты бой көтерді. 
Ал мынау біз отырған 3 500 орындық заманауи «Қазақстан» орталық концерт залы бұл өңірде теңдесі жоқ бірегей ғимарат.
Мен өз тарапымнан елордасы – Астана қаласының мәдениет пен білім ордасы болуы қажет екенін ұдайы қаперде ұстап келемін. Халық игілігіне ұсынылған Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театры, консерватория, Руханият пен Келісім сарайындағы концерт залы, биыл іргесі қаланатын Опера және балет театрының жаңа ғимараты соның жарқын айғағы. 
Биыл Елордамызда Өнер университеті пайдалануға беріледі, Халықаралық жаңа университет ашылады. Заманауи технологиямен жабдықталған, халықаралық деңгейдегі бұл мәдениет және білім ошақтары Қазақстанды жаңа белеске көтереді деп білемін. 
Ұлттық мәдениет пен өнерге деген қамқорлық алдағы уақытта да жалғаса береді. Мұның бәрі еліміздегі тыныштық пен татулықтың, қоғамдағы береке мен бірліктің арқасы екенін жете түсінуіміз қажет.
Мен бүгінгі мерекеге Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Әлібек Дінішев, Қаршыға Ахмедьяров, Қайрат Байбосынов, Нұрғали Нүсіпжанов сияқты еліміздің өнер саңлақтарын арнайы шақырдым. Осындай тума талант иелері Қазақстанды, қазақты бүкіл дүниеге әйгілі етті. Біз олардың асқақ өнерінен нәр алып, арман шыңына құлаш ұрдық. Сол арқылы адамгершілік пен шынайы махаббатты іздедік, қазақ өнерін сүйіп өстік. Болашақ таланттарымыз бұдан зор тәлім алуы тиіс. 
Асқақ сәулетімен, келісті дәулетімен еліміздің жүрегіне айналған әсем Астанамызға орнатылған Күлтегін ұстынында «елді түзеген, бәрін бейбіт еткен, ашты тойындырған, жалаңашты киіндірген, азды көп қылған, кедейді бай қылған, тату елге жақсылық қылған» деген сөздер бар. Сан ғасыр бұрын жазылған осы жолдар маған бүгінгі Қазақстан үшін айтылғандай көрінеді. 

Дорогие казахстанцы!
Уважаемые друзья!

Сердечно поздравляю вас с наступающим Наурызом!
Именно этому древнему празднику посвящен торжественный концерт «Наурыз нұры» - «Свет Наурыза». Пусть вместе с лучами весеннего солнца в ваши дома придут счастье и благополучие!
Наурыз – символ возрождения. Испокон веков день весеннего равноденствия является символом обновления природы, олицетворяет собой непрерывную связь времён и поколений. 
Излучая энергию созидания, красоты и любви, Наурыз отражает величие культуры и традиций нашего народа.
Сегодня в Казахстане Наурыз стал всенародным торжеством, который празднуют все казахстанцы.
Каждый раз, встречая этот праздник, мы обращаемся к традиционным высоким нравственным идеалам нашего общества. В этот день принято прощать старые обиды, дарить окружающим радость и доброту. Чем радушнее встретят люди Наурыз, тем щедрее будет к ним природа.
В нынешнем году мы впервые отмечаем Наурыз по-новому. Выходными объявлены три мартовских дня. Для всех нас это Великий Праздник дружбы, единства, добра и беззаветной любви к родному Отечеству.

Наурыз символизирует возрождение родной земли, пробуждение всей природы лучами весеннего солнца.
Наша Родина – Казахстан – необъятная по просторам страна. На юге весна в разгаре. На севере только начало весны. Этим разнообразием интересна наша родная земля. Но везде тепло праздника Наурыз пробуждает жизнь, приносит людям новые надежды. 
В истории нашего Казахстана начался новый этап. В своем недавнем Послании я поставил перед страной ряд важных задач на новое десятилетие.
Нам предстоит осуществить мощный прорыв в экономическом развитии страны, построить новые предприятия, энергетические мощности и дороги, внедрить в производство самые передовые технологии, достичь качественного роста сельского хозяйства. 
Новые горизонты открываются для отечественного бизнеса, который должен стать надежной опорой нашей страны. Мы уже приступили к выполнению этих задач, которые сделают нашу экономику крепче, жизнь народа еще лучше. 
Мы выведем на более высокий уровень отечественное образование и медицину. 
Я желаю, чтобы Наурыз всех вдохновил на новые трудовые и жизненные успехи. Пусть вместе с весной в дом каждого казахстанца придут счастье и благополучие. 
Сегодня мы ставим новые задачи. И они нам по плечу. Поскольку мы из года в год преумножаем наше главное достояние — мир, межнациональное и межконфессиональное согласие. 
Испокон веков именно в Наурыз об этом думали наши предки, в этом - глубокий смысл весеннего праздника. Крепкий фундамент нашей дружбы и согласия позволит нам встречать каждую весну с таким же оптимизмом и уверенностью в будущем. 

Мои дорогие казахстанцы!
Ещё раз поздравляю вас с прекрасным праздником Весны и Возрождения. Пусть Наурыз мейрамы принесёт вам и вашим близким радость, счастье и добрые надежды!
Құрметті отандастарым!
Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын!
Қызыр баба әрбір қазақстандық отбасына құт-береке, молшылық әкелсін. 
Әз-Наурыз жақсылығын ала келсін! 
Ылайым бірлігіміз бен берекеміз арта берсін! 
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

Cайт Президента Республики Казахстан 



абракадабра 22-03-2010, 13:12
Что творите?!Какое может быть празднование,если по вашей вине полсотни человечества погибло?

Добавить комментарий

В комментариях строго запрещаются выражения, содержащие ненормативную лексику, унижающие человеческое достоинство, разжигающие межнациональную рознь, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, а также высказывания, не относящиеся к теме обсуждения, содержащие прямую или косвенную рекламу.

Подробнее о правилах поведения на сайте можно узнать здесь.


Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: