Усть-Каменогорск °C

Последние публикации

11:10
IP-ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЕ: НАДЕЖНАЯ ЗАЩИТА И КОНТРОЛЬ
15:47
Спортивное питание для женщин: особенности и рекомендации
09:06
Asia Inside отзывы: выводит брокер деньги или нет?
09:18
Holzer Group отзывы: стоит ли обращаться?
14:25
Мошенники!!!
11:12
АРТИЛЛЕРИЯ – БОГ ВОЙНЫ
15:34
Разновидности гидравлических прессов и их преимущества на производстве
13:55
Жанибеку Алимханулы расчистят дорогу до титула абсолютного чемпиона в среднем весе
12:43
Что ожидать от полета в эконом-классе из Ташкента в Астану: стоит ли экономить
10:11
ЗАЩИТА РОДИНЫ НАЧИНАЕТСЯ С СЕМЬИ
15:08
Отличительные особенности и преимущества подгузников Huggies
10:54
Total Group отзывы: лучший брокер для начинающих
11:41
НАГРАЖДЕНЫ ЛУЧШИЕ
08:35
Кольцо для помолвки: как правильно подобрать
15:50
Самые интересные профессии в менеджменте
11:53
На форуме “Экосообщество’2023” сформулировали тренды развития НКО в новых реалиях
09:33
Трудности выбора: подгузники или впитывающие трусики
16:55
Закон един для всех
09:59
Агроволокно: особенности и преимущества материала
15:41
Ендова для кровли: назначение, особенности, установка
09:58
ВОЕННОСЛУЖАЩИЕ ПОВЫСИЛИ МАСТЕРСТВО
09:50
Main Capitals отзывы: главное преимущество брокера
09:28
Завершена плановая очистка межвидового полигона «Шыгыс»
14:29
Покупаем подгузники: три главных вопроса родителей
08:55
Элитная недвижимость в Казахстане: где искать и как покупать?
11:13
Полезные привычки для женщин
09:35
Солдаты Абайского гарнизона встретились со студентами
09:05
В авиационной базе Абайского гарнизона прошли командирские полеты
Больше новостей

Қазақстандық жастар Дүниежүзілік адамды саудаға салуға қарсы күрес күніне орай құрдастарына жүгінді

Новости / Казахстанские новости
14 220
0
Нұр-Сұлтан Қазақстан, 2021 жылғы 30 шілде-Бүгін, Дүниежүзілік адамды саудаға салуға қарсы күрес күні, қазақстандық жастар тобы адамды саудаға салу сияқты проблема туралы хабардарлықты арттыру үшін бүкіл ел бойынша өз құрдастарына бейнеөтініш жолдады.

Қазақстанда 2021 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін 137 студент «Ақылды навигатор» оқу бағдарламасына - жастардың (16-20 жас аралығындағы) адамды саудаға салудан аулақ болуына көмектесетін өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған алдын алу бағдарламасына қатысты. USAID қаржыландыратын және Winrock International іске асырған «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы бағдарламаны Қазақстанның алты өңірінен келген жас қатысушылар үшін Орталық Азия жағдайларына бейімдеді. 
Адамды саудаға салу адамды алдау, күш көрсету немесе қорқыту арқылы, сондай-ақ бостандығын шектеу немесе оның осалдығын пайдалану арқылы оны сатып алуды, сатуды немесе пайдалануды қамтиды. Жұмысқа орналасу мүмкіндігін іздейтін жастар адам саудагерлері үшін әлеуетті нысан болып табылады және оларға адам саудасының белгілерін тануды үйрену қажет.

«Ақылды навигатор» тренингі қауіпсіз көші-қон және адам саудасы мәселелерін қозғап, түрлі колледждер мен білім беру мекемелерінің жастарын жұмыс туралы ұсыныстарды қабылдау кезінде сыни ойлауға, пайдалану және мәжбүрлеу белгілерін түсінуге және адам саудагерлерінің тартымды ұсыныстарын тануға үйретті. 

Бейнеге қатысатын жастар мәжбүрлі жұмыс және адам саудасы туралы білімдерімен, сондай-ақ осы мәселе туралы қалай хабарлау немесе көмекке қайда жүгіну туралы нұсқауларымен бөліседі. Сондай-ақ, бейне әлеуметтік желілерде және ҮЕҰ арасында әртүрлі қоғамдық парақшалар арқылы таратылады.
 
 

###
USAID қаржыландыратын Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда және Өзбекстанда Winrock International-мен жүзеге асырылуда. Бұл бес жылдық бағдарлама, онда адамды саудаға салудың алдын алу, тірі қалғандарды қорғау және қауіпсіз көші-қонға жәрдемдесу мақсатында үкіметтердің, ҮЕҰ мен жеке сектордың өзара есептілігі мен тиімділігін күшейту үшін ғылыми негізделген практикалар мен трансшекаралық байланыстар пайдаланылады. Жоба көші-қон практикасын жақсарту және адамдарды қанаудың алдын алу үшін жергілікті билік органдарымен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. USAID-тің Орталық Азиядағы жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз https://www.usaid.gov/central-asia-regional.



Добавить комментарий

В комментариях строго запрещаются выражения, содержащие ненормативную лексику, унижающие человеческое достоинство, разжигающие межнациональную рознь, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, а также высказывания, не относящиеся к теме обсуждения, содержащие прямую или косвенную рекламу.

Подробнее о правилах поведения на сайте можно узнать здесь.


Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: